Партнер

 Казахский национальный университет им. аль-Фараби

СӨЖ және СӨОЖ бойынша мастер-класс

    Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «СӨЖ және СӨОЖ-тарын жүргізуді ұйымдастыру технологиясы» тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-классты университетіміздің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Төлешова Ұлмекен Болатқызы жүргізді. СӨЖ-дің басты түрлері мен олардың атқарылуы, СӨЖ және СӨОЖ-тарын ұйымдастырудағы ЖОО-ның мақсаттары мен міндеттері (өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру бойынша), сонымен қатар олардың мазмұндық құрылымдарын анықтап, ой, зерде картасын жасау реті бойынша білімдерімізді жетілдірдік. Мастер-класқа қатысушыларды топ-топқа бөліп алған білімдеріміз бойынша тәжірибе жүргізілді. Әр топ ассоциограмма әдісі бойынша жобаға қатысып, жобада кішігірім жарнама жасалып, нақты ұсыныстар жасалды. Пайдасы бар, тиімді жоба іріктеліп, қатысушылар арасында оларға орын берілді. Әр жобаның артықшылықтары мен іске асыруға болатын тұстары бойынша ұсыныстар айтылды.

Мастер-классқа ҚазҰУ-нің барлық кафедраларының оқытушылар қатысты. Ұшқыр ойлы, талантты әріптестерімізбен танысып, пайдалы мәліметтер алумен қатар, алдағы уақытта іске асыруға болатын тәжірибе жинадық.

2018 жылдың 1 наурызында әл Фараби атындағы Ұлттық университеттің № 16 студенттер үйінде Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы » кафедрасының ұйымдастыруы бойынша  «2019 жыл — Жастар жылы» аясында «Жастар — ұлт болашағы» тақырыбында эдвайзер, э.ғ.к., доцент А.С. Асилованың жетекшілігімен ашық кураторлық сағат өтті.

Республика Казахстан, Алматы, 050040 пр. аль-Фараби, 71 Тел. 8 (727) 377-33-33, 8 (727) 377-33-30 Факс +7 (727) 377-33-44 Email:info@.kaznu.kz