ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ТӘУЕКЕЛДЕР
24.02.2024 ж. «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» 8-мақсаты аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының, экономика ғылымдарының кандидаты Асилова А.С. мен "Қаржы" мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен «Қаржылық тәуекелдер» пәнінен «Қаржы нарығында кездесетін тәуекелдер» тақырыбында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің маманы Майданов Ринатпен қонақтық дәріс өткізілді. Дәрісте Қазақстандық қор нарығындағы тәуекелдерді бағалау және басқаруды жүзеге асырудың практикалық маңызы және өзектілігі қарастырылды. Майданов Ринат мырзаның өткізген дәрісінде студенттер тақырыпқа қызуғышылық танытып, өзін қызықтыратын сұрақтарын қойып отырды. Тақырыпты талқылау барысында студенттер қаржы маманы Майданов Ринатқа: “Қазіргі таңда қаржы нарығында жиі кездесетін және қакіпті тәуекелдің түрі қандай?” - деген сұрақ қойды. Майданов Ринат мырза жиі кездесетін тәуекелдер түрінен несиелік тәуекел мен елдік тәуекел көшбастап тұрғандығын жеткізді және сол несиелік тәуекелмен күрес ретінде қазіргі таңда көптеген шаралар қолданылып жатқандығын атап өтті. Валюталық тәуекел мен баға тәуекелі де қор нарығында үнемі болатын тәуекелдердің бірі екендігін ашып айтты. Сондай ақ “Қаржы нарығындағы ең тиімді брокер ретінде қайсысын ұсынасыз?”- деген сұраққа: “Алдымен өзіңіздің талғамызға қарай әр брокерді салыстырып талдай отырып таңдағаныңыз жөн”- деп өз ойын білдірді.
Студенттер Майданов Ринат мырзаның өткізген дәрісінен жаңа түсініктер алып, практикада қолдануға болатын ұғымдарды естеріне сақтап алды. Дәріс соңында студенттер қаржы нарығында кездесетін тәуекелдер тақырыбы оларды қызықтырып жүрген тақырып екендігін және қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып табылатындығын түсіндірді.