ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ – ТЕҢГЕНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ

15.11.2023 жылы Тұрақты дамудың 4 мақсаты «Сапалы білім» аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы – Теңгенің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылық құрамы мен «Қаржы» мамандығында оқитын студенттен қатысты.  Нархоз университетінен э.ғ.д., профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер У.М. Искаков конференцияның құрметті қонағы ретінде шақырылды. «Экономикалық теория» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Б.А. Байтанаева және «»Бизнес технологиялары» кафедрасының  профессоры, э.ғ.д. М. Оспанов, ҚазҰУ-нен, Евразия Ұлттық  университетінен және басқада ЖОО-дарынан келген студенттер баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы – Теңгенің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференциясының материалдары Алматы, Қазақстан, 15 қараша 2023 жыл жинақ болып жарияланды