«Транзитная экономика» ғылыми-практикалық журналы – өзінің тұрақты аудиториясы бар, 1997 жылдың шілде айынан бері жарияланып келе жатқан Қазақстан Республикасының экономикалық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді ғылыми басылымдарының бірі болып табылады.
Журналдың беттерінен Сіз экономикалық саясат мәселелері, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының экономикалық механизмін әзірлеу және экономиканың жекелеген секторлары мен салаларын дамыту мәселелері бойынша әртүрлі пікірлер мен пайдалы ақпараттар табасыз.
Журналдың басылымдары республикалық және аймақтық басқару органдарының,экономиканың мемлекеттік секторының, ірі ұлттық экономикалық құрылымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары мен сарапшыларына, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне кәсіби қызығушылық танытатын оқырмандарға бағытталған.
Редакциялық алқаның құрамына Қазақстаннан, жақын және алыс шет елдерден жетекші ғалым-экономистер кіреді. Журналдың шығарылым кезеңі – 3 айда бір рет жарияланады.
Журналға «Қазпоштаның» барлық пошта бөлімшелерінде,«Қазпошта», «Евразия-Пресс», «Эврика-Пресс» агенттіктерінде жазылуға болады. Жазылым индексі 75781.