1. Мақаланың мазмұны мен рәсімдеуіне қойылатын талаптар

    «Транзиттік экономика» ғылыми-практикалық журналы – өзінің тұрақты аудиториясы бар, 1997 жылдың шілде айынан бері жарияланып келе жатқан Қазақстан Республикасының экономикалық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді ғылыми басылымдарының бірі болып табылады.

    Журнал ЖОО-ы мен ғылыми мекемелердің қызметкерлеріне, магистранттар мен докторанттарға, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерге, мемлекеттік органдардың басшыларына, қаржылық құрылымдарға арналған. Редакциялық кеңестің құрамына Қазақстаннан, жақын және алыс шет елдерден жетекші ғалым-экономистер кіреді.

    «Транзиттік экономика» журналының негізгі бөлімдері:

    • ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
    • ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
    • МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
    • ИНСТИТУТТАР МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

    Журнал жоғары оқу орындарының оқытушыларынан, ғылыми қызметкерлерден, экономистерден және докторанттардан жариялауға ғылыми мақалаларды қабылдайды.

    Журналға жарияланымдарды жариялау шарттары

    «Транзиттік экономика» журналында жариялау үшін мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде және мазмұны бұрын жарияланбаған, экономикалық ғылымдар аясында проблемалық, шолу, пікір-таластық мақалаларды қабылдайды.

    Мақалаларды рәсімдеу үшін төмендегі ережелер талап етіледі

    Басылымға ұсынылған мақалалар ғылыми жаңалығын, зерттеліп отырған мәселенің тәжірибелік құндылығын көрсетуі, терең экономикалық талдауды қамтуы және дәлелді қорытындылармен, авторлардың ұсынысымен аяқталуы тиіс. Терминдердің, белгілеулердің, шартты қысқартулар мен таңбалардың біркелкілігін ұстану қажет, қайталау болмау керек.

    Мақала көлемі әдебиеттер тізімін, кестелер мен суреттерді, олардың астындағы жазуларды, түйіндемені қосқанда басылған мәтін 12 беттен аспауы тиіс. Мақаланың минималды көлемі – 5 бет.

    Мақаланың бірінші бетінде Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы (ҒТАХР) – жоғарғы сол жақ бұрышында көрсетіледі; әрі қарай мақаланың тілінде.

    Түйіндеме түпнұсқа тілінде мақаланың басында беріледі (150-200 сөз). Түйіндеме қазақ немесе орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Әр түйіндеменің алдында түйіндеменің тиісті тілінде автордың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері, мақаланың атауы жазылады. Түйіндеме ғылыми жұмыстың тақырыбы мен құрылымы туралы жалпы түсінік беретін оның қысқаша баяндауы болып табылады.

    Түйінді сөздер мақаланың мазмұнын анағұрлым толық ашып көрсетуін қамтамасыз етуі керек. Түйіндеменің тиісті тілінде оның төменгі жағында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйінді сөздері берілуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін маңыздылығы жағынан 5-6 түйінді сөзді көрсетіңіз, яғни мақаланың ең маңызды түйінді сөзі тізімде бірінші тұруы керек.

    Авторлар, авторлар туралы ақпарат, мақаланың атауы, түйіндеме және түйінді сөздер 3 тілде беріледі.

    Әдебиеттер мақаланың соңында келтіріледі. Мақаладағы сілтемелердің нөмірленуі мақалаға берілген әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің реттік нөмірімен жүргізіледі. Дереккөздерге сілтемелер мақала мәтінінде төртбұрыш жақшамен берілуі керек.

    Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

    Материалды ұсынудың тәртібі:

    • ҒТАХР;
    • мақаланың атауы;
    • автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері;
    • ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрмет атағы;
    • лауазымы, жұмыс орны;
    • жалпыға қолжетімдіорналастыруға болатын байланыс ақпараты (әрбір автор үшін: электрондық пошта, қала, тұрғылықты жері), сондай-ақ журнал редакциясымен байланысу үшін байланыс телефондары;
    • 150-200 сөзден тұратын кеңейтілген құрылымдық түйіндеме (үш тілде);
    • түйінді сөздер (үш тілде, 5-тен кем емес, кіші әріппен, үтірмен бөлінген);
    • мақаланың мәтіні (суреттер, кестелер және т.б.) (жалпы шолудан басқа) келесі бөлімдерді қамтуы тиіс: кіріспе, сараптамалық бөлім, нәтижелер мен талқылаулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
    • пайдаланылған әдебиеттер тізімі (5-тен кем болмауы тиіс).

    Рәсімдеуі берілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жарияланымға қабылданбайды. Мақалалар мұқият іріктеуден кейін жариялануға қабылданады. Редакция мақалаларды қысқартуға және түзетулер енгізуге құқықты өзіне қалдырады.

    Мақала мәтіні компьютерде терілген (MicrosoftWord 97/2000; XP 2003) форматында болуы керек, мәтін шрифті – Times New Roman, қағаз форматы А4, кегль мөлшері — 12 пт. Жоларалық интервал – 1. Мәтінді ені бойынша туралау. Азат жол шегінісі – 0,8 см. Жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2.

    Мақалалар шамадан тыс суреттер және графиктермен жүктелмеуі тиіс.

    Кестелерде, суреттерде, формулаларда таңбалар мен белгілеулер белгілеуінде сәйкессіздік болмауы керек. Суреттер анық, таза болуы керек. Мәтінде суреттер мен кестелерге сілтемелер берілуі тиіс.

    Журналдың редакциялық алқасы мақаланың мазмұны, мәтіннің және әдебиеттің сәйкес келмеуі, мақаланың мәтінінде пайдаланылатын әдебиет көздері үшін жауапкершілік алмайды. Журналдың редакциясы мақаланың мазмұны мен әдебиеттері үшін авторлардың құзыреттілігі, кәсібилігі және жауапкершілігіне үміт артады.